Жарнама
Қоғам

Қаңғыбас иттерді қамқорлайды

«Доброе сердце Атырау» қоғамдық қоры сегіз жылдан бері қаңғыбас иттерді қамқорлап келеді. Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай аталған қордың жетекшісі Венера Манасованың еңбегі еленіп, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Алғыс хатына ие болды.

Қазір жануарлардың паналау орны 300-ге дейін қаңғыбас итті қамтуға арналған, бүгінде мұнда шамамен 100 жануар бар. Оларды стерилизациялау, емдеу және күтім жасау – қордың негізгі жұмыстарының бірі.

Паналау орнының басты қолдаушылары – Атырау тұрғындары мен жергілікті компаниялар. Олар материалдық жағынан, жұмыс күші және қаржылай көмек көрсетіп, жануарларға қорек жеткізіп тұрады. Аталған инспекцияның өкілі Мереке Шалқаров Венера Манасованың жануарларға деген қамқорлығын айрықша атап, орталықтағы бір итті үйіне асырауға алатынын да айтты.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button