Жарнама
Қоғам

Президенттік жастар кадр резерві: Үшінші іріктеудің ерекшеліктері қандай?

Бұған дейін елімізде екі рет Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу өткені белгілі. 2019 жылы 300, ал 2021 жылы 50 жас кадрлық резервке алынды. Осы 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді. Яғни жалпы санның 75 пайызы жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде 128 адам орталық мемлекеттік органдарда, 38 адам жергілікті атқарушы органдарда, 57 адам ұлттық компанияларда, 41 адам өзге де ұйымдарда қызмет атқаруда.

Сондай-ақ олардың қатарында 31 резервші саяси лауазымдарға, 6 резервші «А» корпусының лауазымдарына тағайындалса, бір резервист Мәжіліс Парламенті және 2 резервист мәслихат депутаты болып қызмет атқаруда. Енді міне алдағы күзде Президенттік жастар кадр резервіне үшінші мәрте іріктеу жүргізілмек.

        Үшінші ІРІКТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ – мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескеріп, келесі бағыттар бойынша нақты мақсатты іріктеу өткізу:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

Бұл ретте, үміткерлермен әңгімелесу міндетті түрде салалық орталық органдардың қатысуымен өтеді.

Үміткерлерге қойылатын НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

        — ҚР азаматтылығы бар;

        — жасы 35-тен аспаған;

        — жоғары білімді;

        — 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі және мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген болуы қажет.

        Іріктеуге қатысуға Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған адамдар жіберілмейді.

* * * * *

         ІРІКТЕУ Президент Жарлығымен бекітілген ережелерге сәйкес 6 КЕЗЕҢНЕН тұрады  және қыркүйек-желтоқсан айларында өткізіледі (Ереже Президенттің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен бекітілген).

1. Резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы сайтта онлайн режимде жүзеге асырылады.

  • Іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Яғни, бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады.

Кандидат қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.

2. Екінші кезең, МӘТІНДІК ЖӘНЕ САНДЫҚ ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (1, 7 қазан).

Бұл кезең үміткерлердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған екі бөлек тестілеу блогынан тұрады.

        Әрбір тестілеудің ұзақтығы — 25 минуттан аспайды (мәтіндік және сандық тесттер бойынша 25 сұрақтан), оның нәтижесі үміткердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

  • Өз кезегінде, тестілеу процесі АУДИО-БЕЙНЕ ФИКСАЦИЯМЕН өтеді. Өз бетінше өту шартының сақталуын қамтамасыз ету ПРОКТОРИНГ жүйесімен қадағаланатын болады.

        3. Үшінші – СИТУАЦИЯЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ КЕЗЕҢІ (10-13 қазан) үміткерлердің таңдаған салалық бағыттарына байланысты ситуациялық тапсырмалар түріндегі нақты проблемаларды шешуге деген көзқарасын бағалауға бағытталған.

        Аталған кезең онлайн-режимде аудио-бейне жазбамен сүйемелденіп, эссе жазу форматында жүргізіледі.

        Орындалған тапсырманың шешімі қызметтің тиісті бағыттары бойынша бір уақытта үш салалық сарапшыменбағаланады. Сарапшылар пулы академиялық орта мен бизнес қауымдастық өкілдерін, мемлекеттік қызметшілерді қамтиды.

        4.Төртінші кезең – ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ (19 қазаннан 29 қарашаға дейін өткізіледі).

               Кезең ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбаттан тұрады.

  • АССЕССМЕНТ-ОРТАЛЫҚ (Бағалау орталығы) Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді. Ол мінез-құлық индикаторлары арқылы кандидаттардың бойындағы белгіленген құзыреттерді (көшбасшылық, талдау және мәселелерді шешу, қызметті басқару, проактивтілік) анықтауға және бағалауға бағытталған. 

        Кандидаттардың мінезін бағалау топтық және жеке тапсырмалардан тұрады. Жалпы құзыреттерді бағалауға кемінде 15 сертификатталған бағалаушы және 5 супервизор тартылатын болады.

  • ҚҰЗЫРЕТТЕР БОЙЫНША СҰХБАТ БЛОГЫ кәсіби HR-менеджерлерін тарта отырып, онлайн форматтағы жеке терең сұхбат түрінде өткізіледі.  Сұхбат кандидаттардың ішкі уәждемесін және құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттерді анықтауға бағытталады.

        5. Бесінші кезең – САРАПШЫЛЫҚ комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу.

        Бұл кезеңде ассессмент-орталықтың сарапшысы комиссия мүшелеріне қатысушылардың жеке нәтижелерін ұсынады және оларға түсініктеме береді.

        Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары тартылатын болады.

        Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысында қарауға ұсынылатын қатысушылардың тізімі жасалады.

6. Алтыншы, соңғы кезеңде – Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады. Ол ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін өткізіледі деп жоспарлануда. Ережеге сәйкес:

  • Резервте болу мерзімі 3 жылды қамтиды.
  • Резервке алынған адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға,
    «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына,
    «Б» корпусының басшылық лауазымдарына және
    «Б» корпусының А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

         Жалпы бүгінгі күнге дейін  әртүрлі деңгейдегі лауазымдар барлық резервшілерге ұсынылып отырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button