Президент ақшаны ең өзекті мәселелерді шешуге бағыттауға шақырды
Үкімет отырысында Президент әкімдердің Үкіметпен экономиканы әртараптандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмысы қалай жүргізіліп жатқанына егжей-тегжейлі тоқталды.
Атап айтқанда, қазіргі жаһандық цифрландыру жүйесі озық технологиялардың жаңа дәуірін бастағанын айта келе, Мемлекет басшысы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда біз әрқашан алда болуымыз керек екенін атап өтті. Президент Денсаулық сақтау, білім беру салаларына қатысты көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, МӘМС жүйесін жетілдіруге назар аударды. Өткен жылы ғана денсаулық сақтау саласында 140 млрд теңгеден астам сомаға тиімсіз шығындар анықталды және оңтайландырылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында екі жыл ішінде 460 бастапқы буын нысаны салынды, тағы 195 нысанды биыл аяқтау жоспарлануда. Бұл шынымен де ауқымды жұмыс. Алайда көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту кейінге қалдырылуда, осыған байланысты Президент жаңғыртуды 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Президент биылғы жылы «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталатынына назар аударды. «Бүкіл ел бойынша жоғары заманауи стандарттарға сай тірек мектептердің кең желісі құрылуда. Үш жыл ішінде барлық өңірлерде тағы 1300 мектеп жаңғыртылады», — деді Мемлекет басшысы. Біздің облыста ашылған жайлы мектептер тамаша материалдық-техникалық базаға ие, балаларымыздың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін кеңістік қалыптастырады. Сонымен қатар Қасымжомарт Тоқаев Үкіметке орта білімге жеке инвестициялар тартуды тапсырып, қазіргі заманғы мектептердің құрылысына жағдай жасады. Президент жүктеген міндеттер уақтылы орындалатынына сенімдімін. Бұл, әрине, елдің жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Антонина РЕВКОВА,
Атырау облысы бойынша «Жастар Ассамблеясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі