Жарнама
Қоғам

ПІКІРТАЛАС АРҚАУЫ – ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

 

Дебат барысында студенттер «Легисттер» және «Реалисттер» топтарына бөлінді. «Легисттер» тобы сыбайлас жемқорлықты жеңуге болады деп санайды, ал олардың карсыластары «Реалисттер» қарсы пікірде болды. Әрбір топ тақырыпқа сай аргументтер, тарихи фактілер, бейнебаяндар, слайдтар пайдаланып, Грузия, Қытай, Сингапур, Америка сияқты елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі жайындағы мысалдарға көңіл бөлді. Студенттер «Transparency International» бүкіләлемдік штаттан тыс үкіметтік емес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымның статистикасына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдарына, заң актілеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Халықаралық Конвенцияның шешімдеріне сүйенді. Бұларға қоса сыбайлас жемқорлық мәселелері, оларды шешу жолдары, алдын алу шаралары талқыланды. Дебат соңына қарай «Әділет кеңесі» қорытындысын шығарды.

Студенттер арасында өткізілген дебат жұмысына Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сақтандыру басқармасының бас мамандары – Любовь Дәулетова, Динара Лұқпанова, «Қылмыстық құқық пәндері және криминалистика» кафедрасының меңгерушісі Жанна Шаяхметова, аға оқытушы Жанаргүл Хамметова, оқытушы Күләнда Ерғалиева және басқа да қонақтар қатысты.

Лиза СЕЙТІМОВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button