Жарнама
Қоғам

Патриотизм – ұран емес, іс арқылы танылуы тиіс

Президент өз Жолдауында өскелең ұрпақтың патриотизмі енді жаңашылдық пен жасампаздық арқылы айқындалатынын ерекше атап өтті. Бұл – жастардың қоғамдағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, болашаққа сеніммен қадам басып келе жатқанын көрсетеді. Елдің дамуы үшін ғылымға, білімге, өнерге және спортқа ұмтылған жас буынға қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты мақсаты.

68c8cbe8 f671 4111 8bdb 07677a0e76b2

Осы тұрғыда біздің аймақтағы тәжірибеге көз жүгіртсек, Атырау облысында 2022-2024 жылдары мектеп пен колледждерде дене шынықтыру, әскери-патриоттық тәрбие, бұқаралық спорт пен туризм саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл – жас ұрпақтың рухани және физикалық тұрғыда дамуына жасалған нақты қадамдар. Дегенмен, кейінгі жылдары Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы жабылған соң әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары бәсеңдеп, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі жарыстар тоқтап қалғаны жастардың азаматтық болмысын қалыптастыруда олқылықтарға әкелуде.

4ecfc7bf 68fa 43a6 8f7c c1cc9a3be91c

Президент айтқандай, жастардың күш-жігері мен патриотизмі – ел болашағының кепілі. Сондықтан Атырау облысында «Жас Сарбаз» клубтары, «Жас Сарбаз» сыныптары мен «Smart Sarbaz» үйірмелерінің санын көбейтіп, түрлі деңгейдегі әскери-патриоттық іс-шараларды қайта жандандыру – бүгінгі күннің өзекті міндеті. Бұл жас буынға Отанға деген сүйіспеншілікті жаңа қырынан сезінуге, патриотизмді тек ұран емес, нақты іс арқылы танытуға жол ашады.

6438cf82 ec0e 434f 8fe6 a80f804e3ba1

Наурызбай ТЕМІРОВ,
Атырау қаласындағы жалпы білім беретін №50 орта мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button