Жарнама
Қоғам

Өткеннен -тағылым, болашаққа – бағдар

  Бүгінде жер төңірегінде болып жатқан әңгімелер негізінен Жер кодексіне енгізілген толықтыруларды халыққа түсіндірудің шалалығынан шықты деуге болады. Шындығында да, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар жұртшылыққа заңға енгізілген өзгерістер туралы кең көлемде, салиқалы да салмақты үгіт-насихат жұмыстарын дер кезінде жүргізсе, тап мұндай дау-дамайға тап болмас та едік.

  Заң қабылдаудағы шикілікті дер кезінде түсінген Елбасы халқының мүддесін ойлайтындығын, онымен бірге екендігін көрсетіп, 40 және 44-баптарға мораторий жариялады. Үкіметке әдейі жер реформасы туралы комиссия құрып, оны кең ауқымда талқылауды тапсырды. Бұл комиссия заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға халықтың көңілінен шығатындай сараптама жасап, ұсынысын Парламентпен талқылап, бірегей шешім қабылдауы қажет. Мен – ауыл шаруашылығы маманымын. Осы салада ұзақ жыл жұмыс жасадым. Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары облыс ауыл шаруашылығы жері қалай пайдаланылғандығы көз алдымда.

   Мәселен, 1992 жылы өңірімізде 137 мың мүйізді ірі қара, 1,3 млн. қой, 75 мың жылқы және 25,8 мыңдай түйе малы болды. Кезінде Қазақстанда қой санын 50 миллионға жеткізу жөнінде тапсырма алға қойылды. Осы міндетті орындау үшін облыс ұжымшар мен кеңшарлары мал басын өсіру, оның өнімін молайтуда өзара бәсекелестікке түсіп, суы жоқ, игерілмей жатқан жерлерді пайдалануға кірісті. Жайық өзенінен шалғайдағы мал жайылымдарына каналдар арқылы су жеткізілді. Сол кезде облыста жалпы ұзындығы 1942 шақырымдық 17 суландыру жүйесі және сегіз кешенді топтастырылған су арнасы жұмыс жасады. Бұлар ауыл шаруашылығы қажеттілігіне орта есеппен жылына 800-850 млн. текше метр су беріп тұрды. Сонда бір млн. гектар жайылым, 92 мың га жайылма, 21 мың гектар суармалы жер игерілген еді.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button