ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ ІРГЕТАСЫ
Бұл жоба қазақстандықтардың бірлігін нығайтып қана қоймай, азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызатын болады. Жоба сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, қоғамдық институтқа айналған Ассамблеяның жұмысын жандандырып, рөлін одан әрі арттыра түспек.
Бүгінгі күнге дейін еліміздегі ұлтаралық бірлікті сақтау, біртұтас халықты қалыптастыруға байланысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылып, бірегей институттың төңірегіне түрлі ұлттың басын біріктірудің өзі айтуға оңай болғанымен, іс жүзінде күрделі жұмыс еді.
Десек те, Қазақстан оны өз қолымен жасап шықты. Және Ассамблеяны бірлігіміздің басты ұйытқысына айналдыра білді. Ал, жүз нақты қадамның жүзеге асуы барысында бұл тараптағы жұмыстар күшейеді деген ойдамын. Ең бастысы, қоғамда ауызбіршілігіміз нығайып, бірлігіміз баянды болуы үшін жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет. Қазақтың «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген мақалы текке айтылмаған.
Елімізді мекен еткен әр отбасында береке, бірлік орнап, жанұя мүшелері өзара сыйластықта өмір сүрсе, тәрбиеленген бала да саналы болып өседі. Ол қоғамда мәдениеттің артып, түсініс-тіктің орнауына үлесін қосатын болады. Отанын сүйеді, Отанға адал қызмет етеді. Сондықтан да, Елбасымыз бірлік, татулық мәселесінде отбасын тектен-тек айтып отырған жоқ. Қоғамды алаңдатып отырған кейбір келелі мәселелердің шешімі осында жатыр. Бірлігіміз баянды болуы үшін, ең алдымен отбасының іргесі берік болуы қажет.
Раиса БИТКОВА,облыстық «Былина» орыс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.