Ортақ мақсат жолында
Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы Үндеуі жарияланды. Бүгінде онымен кеңірек танысып жатырмыз.
Қазір әлемде қиын жағдай қалыптасты. Қауіпті індеттің кесірі талай елдің экономикасын тұралатып отыр. Осындай сындарлы сәтте отандастарымыздың ауызбірлікте болып, бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шығаруы маңызды.
Үндеуде көрсетілгендей, алдағы сайлау Конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін болды. Мені қуантатыны – парламенттік тәжірибеде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаның енгізілуі. Қазір әйелдер мен жастар араласпайтын сала жоқтың қасы. Олар – өте белсенді, еңбекқор, тындырымды, біршешімді.
Олай болса, көрсетілген мерзімде баршамыз еліміздің болашағы мен өркендеуі үшін өзіміз қалаған азамат пен азаматшаға дауыс беруге сайлауға бір кісідей қатысайық. Өйткені, туған Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, ортақ қуанышымыз, ортақ бақытымыз!
Жанна ШАЯХМЕТОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры