Қоғам

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ ШҰҒЫЛ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ!

Демалыс күндері облыс су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілуде!

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Атырау облысының су айдындарында демалыс күндері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын бағалау мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің инспекторлық құрамы Атырау қаласының қалалық жағажайларын тексерді. Бағалау нәтижелері бойынша «Евразия» ЖШС және «Номад» ЖК жағажайлары су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес келеді.  Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник А. Ержановтың айтуынша жағажайларда жағажайлардың қызметін жүзеге асыру үшін барлық қажетті талаптар сақталған, әр жағажайда арнайы оқытылған 4 құтқарушы қызмет атқарады және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмектер бар медициналық пункттер құрылған. Атырау облысының жағажайлары тегін жұмыс жасауда, балалар үшін арнайы учаскелер дуалмен және қалтқылар желісімен қоршалған, осыған байланысты Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына тек жабдықталған жағажайларда шомылуға қатаң түрде ескертіледі. Ақпаратқа сәйкес , суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыстың су айдындарында 6 адам суға батып кеткен, оның ішінде 4 кәмелетке толмағандар, 6 адам құтқарылған, оның ішінде 3 кәмелетке толмағандар. Осыған байланысты су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға және балаларға аса мұқият болуға шақырамыз.

«Азаматтық қорғаныс басқармасы»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button