Жарнама
Қоғам

ОРТАҚ ПІКІР БІР АРНАҒА ТОҒЫСТЫ

 

Осыған орай, жұма күні мұнда басқосу өткізіліп, әріптестер ортақ ой-пікірлерін бір арнаға тоғыстырды.

— Мемлекет басшысының халыққа арнаған   Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау үшін елге барлық мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелі орындалысын тауып, басталған істі  соңына дейін жеткізе алатын сенімді, әрі зерделі Көшбасшы қажет, — деді алғашқы сөз кезегін алған Палата төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Ербол Қайранбаев.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін ең алдымен отандық тауар өндірушілерге қолайлы жағдай туғызып, бәсекелестік ортаны қалыптастыруымыз керек. Қазірде күн тәртібіне шығарылып отырған «Қазақстанда жасалған» деп аталған жалпыұлттық акцияны жалаң ұран күйінде қалдырмай, ақиқатқа айналдыруымыз шарт.  Сондықтан да, сайлауды мерзімінен бұрын өткізе отырып, таңдау жасауда қателікке ұрынбағанымыз абзал. Кәсіпкерлер кеңесінде айтылған әңгіменің түйіні осыған тірелді.

Дәулетқали АРУЕВ.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button