Өрт өтіндегі өмір
Өрт сөндіру қызметіmқауіпті мамандықтардың бірінен саналады. Бірақ, біз жалынды ауыздықтау үшін, уақытпен санаспай жұмыс істейтін осындай мамандық иелерін лайықты бағалап жүрміз бе?
Осы сұраққа жауап алу үшін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі» мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызметі мамандарының тыныс-тіршілігімен танысуға бет алдық.
«Өрт сөндіруші болу оңай емес, бұл қызметке әртүрлі адамдар келгенімен, рухы биік, нағыз шеберлер ғана соңына дейін қалады» дейді №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Ерлан Рахмашев.
Расымен де, өрт сөндіру-құтқару қызметкерлеріне шапшаңдық, жүректілік, қырағылық, әп-сәтте шешім қабылдай алатын тәуекелшілдік қасиеттер тән. Улы газға тұншыққан, күйік шалған адамдарға дәрігерлік көмек те көрсетеді. Осының барлығына олар №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде техникалық жаттығулар мен арнайы дәрістер барысында үйренеді.
Бізді азаматтық қорғау майоры Ерлан Рахмашев бөлімнің бір күндік тыныс-тіршілігімен және өрт сөндіру-құтқару қызметінің қыр-сырымен таныстырды. Бөлімде жауынгердің әскери дайын дығына барлық жағдай жасалған. Оқу, спорт залдары, асхана, демалыс бөлмелері мен жаттығу орындары да бар.
Абай АҚМҰРЗИЕВ.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.