Жарнама
Қоғам

ОРДАЛЫ «ОТПАНТАУ» – АТЫРАУДА

 

Көшпелі фотокөрмені әртүрлі жастағы көрермендер тамашалады. «Отпантау» тарихи танымдық этномәдени кешенінің қызметкері Құралай Ізімбергенованың айтуынша, бұл тау бүкіл қазақ халқының тәу етер қасиетті мекеніне айналған. Киелі жерді көруге келетін туристер саны күн сайын өсіп отыр.

«Көшпелі көрмемен алғаш Атырау облысына келдік. Жылжымалы экспозиция мақсаты жалпы қазақылық дәстүр, ұлттық салт-сана, бабалардан жалғасқан рухтық, патриоттық сезімді нығайту, ұрпаққа жеткізу. Мұражай қызметкерлерімен тәжірибе алмасып, алға қарай бірлесіп тарихи тұлғаларды насихаттайтын жобаларды қолға алмақпыз. Ежелден Каспий теңізін жағалай орналасқан халықтың тарихы бір-бірімен етене байланысты. Қазақ жері тек материалдық құндылықтарға ғана мол емес, сонымен қатар, рухани мәдениетіміз бен байлығымыз да көп екенін ұмытпауымыз керек», — дейді Құралай Абдоллақызы.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.      

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button