Жарнама
Қоғам

Ораторлық өнерді меңгеру тиімді диалогқа жол бастайды

Кеше Атырау қаласындағы «Нұрлы тал» этнопаркінде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен ораторлық өнер бағытына оқыту бойынша семинар-тренинг өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы «Азаматтық орталығы» КММ және «Жаныңдамын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шара «ҮЕҰ мектебі» жобасы аясында қолға алынды.

Этностильде киінген қатысушылар «Үйшік» мейрамханасының қазақи нақышта жабдықталған үлгісімен үйлесім тапты. Аталған жоба аясында Атырау облысы бойынша, республикаға танымал тренер Нұрлан Азаматов «Ораторлық өнер» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Онда «Сөз сөйлеудің құрамы», «Еркін сөйлеу», «Дене тілі», «Қолдың қимылы» сияқты тақырыптарда теориялық сабақтар өткізіліп, тәжірибелік жұмыстар да жасалды.

Сонымен қатар алдымен ақпараттар жинақтай білу, көпшілік алдында тыңдаушыларды елең еткізердей сөз сөйлей білу және айтар ойын дұрыс жеткізіп, оны дәлелдей алу, кері байланыс орнатып, қарама-қарсы пікір айта білу, қорқыныш пен қобалжудан құтылу, дыбыстарды дұрыс айтуда дауыспен жұмыс жасауды үйрету бойынша бірқатар әдіс-тәсіл ортаға салынды.

Семинар-тренингке 50-ге жуық үкіметтік емес ұйым өкілі қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button