Қоғам

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ЖАБДЫҚТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

«Берсең – балаға бер!». Тумысынан денсаулығында ақауы бар және ерекше күтім мен білім беруді қажет ететін бүлдіршіндерге арналған Атырау облыстық балаларды оңалту орталығы жаңа құрал-жабдықтармен толықты.

Игілікті істі NCOC компаниясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және әлеуметтік-жауапкершілігі аясында іске асырған. Оңалту орталығы «Айболит» СН үлгісіндегі (3 дана) жүрме құралымен, функционалдық тіреуге арналған (3 дана) «Rifon» құрылғысымен, физикалық қозғалуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «төсеніш», ойлау және тіл дамуына көмек болатын «EduQuest» мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы бар әдістемелік кешенмен толықты.

whatsapp image 2021 12 09 at 15.34.22


Заманауи үлгідегі құрал-жабдықтарды табыстауға Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова, мұнай-газ өндіру компаниясының мүдделі тараптармен қарым-қатынас орнату жөніндегі үйлестірушісі Сұңқар Құлжанов, Үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджер Зарина Бакенова және облыстық балаларды оңалту орталығының директоры Бибігүл Жұмалиева қатысты.

  • Бұл құралдар біздің компанияның қайырымдылық және демеушілік ету жобасы аясында сатып алынды. Табысталған онға жуық жабдықтар оңалту орталығының сұранысына сәйкес физикалық және писхикалық дамуында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналады. Жалпы компаниямыздың демеушілігімен облыста соңғы бірнеше жылда, 1,5 миллион АҚШ долларына тең әлеуметтік қолдау жұмыстары жүргізілді. Ал Тәуелсіздік жылдарында аймақтағы дамыту жұмыстарына 24 миллион АҚШ доллары жұмсалды. Бұл құралдар церебралды сал ауруы және қимыл-қозғалыс аппаратында қиындық көретін балалардың аяққа тұруына көмек болатынына сенімім мол», – деді шарада NCOC компаниясының Үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Зарина Бакенова.
whatsapp image 2021 12 09 at 15.34.21

Қайырымдылық шарада оңалту орталығының балдырғандары демеушілік еткен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Олар мың бұралып би билеп, музыкалық аспаптарда өнер көрсетті. Ерекше балалардың сахналық қойылымы көрермендерді тәнті қылды. Шараға қатысқан ата-аналар да жомарт жандарға алғыс айтып, мерекемен құттықтады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button