![Өшпес тарих, өлмес мұра 1 img 8714](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/img_8714-640x470.jpeg)
Өшпес тарих, өлмес мұра
Қазақстан Республикасы Парламенті кiтапханасында өткен «Киелі мекен, қасиеттi өлке- Құрманғазы» атты тарихи-танымдық кiтаптың таныстырылымын қоғам қайраткері Сәрсенбай Еңсегенов жүргiздi. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлiбек Нәутиев, Мәжiлiс депутаттары Ермұрат Бапи, Әдiл Жұбанов, Дүйсенбай Тұрғанов, Құрманғазы ауданы әкiмiнiң орынбасары Амангелді Мұратов, аудандық мәслихаттың төрайымы Гүлжанат Қалиева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигi, Атырау облысы және Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, аудандық «Өрендi өлкетанушы» клубының жнтекшici Өмiрзақ Қажымғалиев және тағы басқалары қатысты.
![Өшпес тарих, өлмес мұра 2 6331b315 ca8a 481a 8a88 3561ce6d0ba2](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/6331b315-ca8a-481a-8a88-3561ce6d0ba2-768x1024.jpeg)
Академик- жазушы Өмiрзақ Қажымғалиұлы қошеметпен ортаға шақырылып, кiтаптың шығарылуы туралы әсерлі әңгiмеледi. Негізгі мақсат — кейінгi жас ұрпаққа жер-су атауларын, туған жерiнiң фаунасы мен флорасын, оны түлеткен адамдарды, соғыс кезінде ел үшін еңбек етiп халықты аштықтан сақтаған, алайда елеусiз қалған тұлғаларды ортаға оралту, Тәуелсіздiк жылдарында өзгерген өңiрдiң жетicтiктерiн жеткiзу болғанына тоқталды.
![Өшпес тарих, өлмес мұра 3 812b55ca 00a6 46b3 82e3 b3188d5c04fe 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/812b55ca-00a6-46b3-82e3-b3188d5c04fe-1-1024x768.jpeg)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлiбек Нәутиев инемен құдық қазғандай еңбек етiп, осындай құнды дүниені өмірге келтірген Өмiрзақ Қажымғалиұлы бастаған «Өрендi өлкетанушылар» клубының мүшелеріне ризашылығын білдірiп, Сенат төрағасының Алғыс хатын табыс етті.
Шара барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат Қалиева, өкiлдi органды ұзақ жылдар басқарған Рифхат Сұлтанияев, Мәжiлic депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов, Ермұрат Бапи сөйлеп, үлкен жұмыс тындырылғанын атап өтті.
![Өшпес тарих, өлмес мұра 4 3d67d116 011f 46e6 bd1a c6e64418f465](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/3d67d116-011f-46e6-bd1a-c6e64418f465-768x1024.jpeg)
«Киелі мекен, қасиеттi өлке-Құрманғазы» кiтабын Парламент кiтапханасына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов, аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат Қалиева, академик-жазушы Өмiрзақ Қажымғалиев, аудандық музейдің басшысы Жазира Хайрошева, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Анар Мусина табыстады. Парламент кiтапханасының меңгерушісі Рауза Жайшиева қабылдап алып, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар кiтапханаға аудан қаламгерлерiнiң кiтаптары да ұсынылды. Олардың бәрi кiтапхана төрiнен орын алды.
Қанат ҒҰМАРОВ