Жарнама
Қоғам

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін

Облыс шегіндегі Жайық және Қиғаш өзендерінің су көлемін ұлғайту және гидрологиялық режимін жақсарту – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Түп тереңдету жұмыстары жасалғанымен, оны әрі қарай да жалғастырып отырған абзал. Ал Қиғаш бойынша да осы, жыл тазартып, әрі қарай да күтім жасалмаса олар бәз баяғы қалпына кері түседі.

Жайық өзені – Атырау облысының экологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін маңызды су артериясы. Өзеннің сағасында орналасқан Атырау қаласы аймақтық және халықаралық су жолдары үшін стратегиялық маңызға ие. Соңғы бірнеше жылда өңірде су көлігінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Жайық өзенінің бірқатар каналына түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде.

Қазір Атырау қаласы аумағындағы үш маңызды каналдағы түп тереңдету жұмыстары аяқталды. Бұл каналдар – 3-ші өзек, 6-шы өзек және Приморский каналдары. Осы шаралардың арқасында аталмыш каналдарда су өткізу қабілеті айтарлықтай артады деп күтіліп отыр, ал тасқын және су деңгейінің төмендеуімен байланысты қиындықтар азаяды. Түп тереңдету жұмыстарын жүргізу арқылы өзен арнасындағы кедергілер мен тұнбаларды жою, су жолдарының сапасын жақсарту, сонымен қатар су ресурстарының тиімді пайдалану мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі.

Зарослыйканалының тереңдетілуі өз кезегінде теңіз бен өзеннің су балансын реттеуге, сондай-ақ Атырау қаласының тұрғындарына жаңа балықтың мол кіруіне  ықпал етеді.

Жайық өзенінің каналды аймақтарындағы түп тереңдету жұмыстары экологиялық тұрғыдан да маңызды. Өзекті мәселе болып табылатын су тасқынының алдын алу мен су ағындарын реттеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл жұмыстар өңірдің экономикасына да оң әсерін тигізеді.

Өзеннің Атырау қаласы аумағындағы каналдарында жүргізіліп жатқан түп тереңдету жұмыстары экологиялық қауіпсіздікті сақтау және экономикалық тиімділікті арттыруда маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта осы жұмыстардың толық аяқталуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін береді және Атырау облысын жаңаша сапаға көтеруге мүмкіндік жасайды.

Серік ЕРУБАЕВ,

ҚР Парламенті Мәжілісінің VІІІ шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button