Жарнама
Қоғам

Өндіріс пен өнерді қатар алып жүр

«Еңбек етсең, емерсің» дегендей, тек адал еңбек қана абыройға жетелейді. Жуырда Атырау мұнай өңдеу зауытында өткен шығармашылық жұмыстар көрмесі «еңбек күніне» арналды.

Көрмеде сурет салу, гипс және эпоксидті шайырдан жасалған қолөнер, мозайкалар, қуыршақ тоқу, құрақ көрпе, шам және гипс бұйымдарын жасау сынды елуге жуық туындылар қойылған. Аталмыш көрменің негізгі мақсаты – Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлері арасында өндіріс пен өнерді қатар алып жүрген тұлғалардың шығармашылық туындыларын көпшілікке паш ету, олардың мәртебесін көтеру, кейінгі жас буынды еңбек пен өнерге баулу болып табылады.

96ba58b8 9b58 412b b54f 190c50f569ea

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Мұрат Досмұратовтың айтуынша, шараға қатысушылар зауыт қызметкерлерінің өнеріне тәнті болған. «Расында, еңбек пен өнер егіз ұғым. Бұл көрме зауыт өндірісінде кәсіби мамандардың да бойларында өнерге деген жалынды құштарлықтың бар екендігінің айқын дәлелі. Өндірісте де, өнерде де еңбектеріңіз лайықты түрде бағалана берсін! Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын»,-дейді ол.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button