Жарнама
Қоғам

Облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланбақ

Бүгінде қоғамдық кеңестер жұмысы Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен үйлесім тауып, олар мемлекет пен қоғамды байланыстырушы көпірдің біріне айналып отыр.  Бүгін облыс әкімдігі ғимаратында облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

94699fc0 bee3 4a06 9d99 23814a6b547a

Жұмыс тобының отырысына Арман Хайруллин төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша А.Хайруллин Қоғамдық кеңес құрамына сайлау өтетіндігі хабарланғанын, хабарламада белгіленген уақытта жұмыс тобына коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінен 50 ұсыныс-өтініштер түскендігін баяндады. 

​Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес жұмыс тобы әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізіп,дауыс берді. Әңгімелесу барысында кандидаттардың кәсіпқойлық, жеке қасиеттерін және қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы білуін анықтауға бағытталған сұрақтар қойылды. 

94c015ad a3a3 4427 93a4 590ddc06ff2b

​Қорытындысы бойынша жұмыс тобының басшысы Арман Хайруллин ең көп дауыс жинаған 25 кандидаттың Қоғамдық кеңестің құрамына сайланатындығын, жаңа құрамның Атырау облыстық мәслихаты төрағасының бекітуіне ұсынылатындығын жеткізді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button