Жарнама
Қоғам

Облыс әкімі БАҚ өкілдерін құттықтады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «БАҚ — қоғам тынысының барометрі» — деген еді. Сіздерге артылған жүктің салмағы осы бір-ақ ауыз байламнан айқын аңғарылады. Қоғамның шынайы бет-бейнесі сіздер арқылы сомдалады. Сіздер – ел-жұрттың үнісіздер. БАҚ таратқан ақпараттың негізінде қоғамдық пікір қалыптасады.

Президентіміз БАҚ өкілдерімен мереке қарсаңындағы жүздесуінде сенімді дерек, дәйекті талдау ұсынудың мән-маңызына айрықша тоқталды. «Журналистің ағартушылық миссиясы алдыңғы қатарға шықты. Кез келген ақпаратты мұқият елеп-екшеп, жұртқа дұрыс жол көрсету өте маңызды. Мен журналистеріміздің әр мәліметті ұлт мүддесі тұрғысынан саралай аларына сенемін»  — деген еді.

Мен Атырау өңірлік журналистикасы осы сенім үдесінен шығып қана қоймай, медиакеңістіктегі плюрализм, БАҚ-тағы креативті индустрияны дамыту тұрғысындағы міндеттерді де табысты жүзеге асырып отыр деп есептеймін. Атырау облысының әкімдігі бұған жан-жақты қолдау көрсетіп, ашықтық қағидатына сай бірлесе жұмыс істеуге әркез дайын.

Сіздерге шат көңіл-күй, шығармашылық табыс, жағымды жаңалықтар тілеймін.

Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Серік Шәпкенов,

Атырау облысының әкімі

Коллажды жасаған Дәурен ҚУАНЫШ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button