НЕСИЕМЕН КЕЛГЕН НЕСІБЕ
Бұл –«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша пайдалы кәсіп көзін тауып, оны одан әрі дамытуға талпыныс жасап отырғандар үшін үлкен медеу. Осы негізде селолық округ тұрғындарына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы мал басын көбейтуге және тұрмыстық бұйымдар дайындау цехтарын ашуға 13 адамға, оның ішінде мүгедектер де бар, несие берілді.
Несиенің айта кетерлік бір жемісі – қазіргі шақта шаштараз және көрпе дайындау цехтары көбейе түсуде. Бұл кәсіп көздері сан түрленіп, аясы да кеңейіп келе жатыр деген сөз.
Ал, аталмыш бағдарламаның үшінші бағыты бойынша кәсіби даярлаудан ағымдағы жылы 45 тәлім алушы оқуларын аяқтап, оның ішінде 31 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Қаржау ОРАЗБАЕВ,
меншікті тілшіміз,
Жылыой ауданы.