Несібесін кәсіптен тапқан
Айнұр Төрежанованың кәсіпкерлік қызметі Атырауға көшкеннен кейін, жолдасы екеуі «Best Comfort» брендімен жиһаз дүкендеріне ортопедиялық матрацтар мен жастықтар шығаратын үй-жайды жалға алуды ұйғарған кезде басталды.
Бүгінгі таңда матрацтар нарығы белсенді түрде кеңейіп келеді, халық оларды ересектерге де, балаларға да сатып алуда. Ортопедиялық үлгідегі серіппелі матрацтарға ең көп сұранысты денсаулық сақтау саласындағы объектілер, балабақшалар, қонақ үй кешендері, объектілерде жұмысшылар тәулік бойы болатын кәсіпорындар мен мекемелер, әскери бөлімдер, пансионаттар және басқа да кәсіпорындар мен мекемелер береді.
2021 жылы «Назар» ЖК компаниясына «БЖК-2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау жиһаз шығаратын цех ашуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда компания ас үй шкафтарын, төсектер, кеңсе жиһаздарын және т.б. табысты өндіріп келеді.
Серіктестік басшысы Айнұр Төрежанованың айтуынша, компанияның басты міндеті – өнім сапасымен жұмыс жасау. Мемлекеттік қолдау нақты және бизнесті дамытуға, жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік береді.
Айналым қаражатын толықтыруға өтінімді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» бағдарламасы бойынша жылдық 17,5%-бен мақұлдады, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Қордың кепілдігі несие құнының 40%-ын құрады.
Сонымен қатар,«Nazar» ЖК «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне жыл сайын қатысып келеді.