Жарнама
Қоғам

ҮНЕМШІЛДІК – ҰҚЫПТЫЛЫҚ ҮЛГІСІ

 

Мен жетекшілік ететін құрылыс мекемесінде 300 шамалы адам еңбек етеді. Олардың бәрі – өз ісінің шебер мамандары екендігі өз алдына, әрқайсысы отбасының арқасүйерлері. Жұмыс көлемі кеміп, қысқартуға ұшыраса не болмақ? Оның екі түрлі салдары бар. Алдымен, өзім шебер жігіттерімнен қол үземін. Одан әрі, олар отбасын бағу мүмкіндігінен айырылады.

Міне, осы мәселе қазіргі сын шақта барлық өндіріс жетекшілерін мазалайтындығы сөзсіз. Сайып келгенде, ұжымның   ұйытқысын бұзбай, оның мүшелерінің жағдайын жақсарту – Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, аймақта әлеуметтік ахуалды сауықтыруға қосқан үлесіміз. Әр өндіріс жетекшісі осылай ойлауы шарт. Рас, қазіргі тірлік жеңіл емес. Бүгінде «үйдегі қалыпты, даладағы нарық бұзады» деген жиі айтылады. Шындығында, солай. Әйтсе де, қолдағы мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану қажет.

Мәселен, өзім құрылысшы болғандықтан осы саланың бүгіні мен болашағы ойландырады. Аймақта шикізат қоры мол болғанымен, құрылыс материалдарының дені сырттан тасылады. Соның салдарынан пайдалануға берілген нысандардың бағасы да қымбат. Ал, соларды өзімізде дайындаса ше? Міне, осыны ескеріп үй құрылысы комбинатын қатарға қостық. Сөйтіп, кейбір қажетті материалдарды осында дайындай бастадық. Бұл біріншіден, дайын объектілердің өзіндік құнын кемітсе,    екіншіден, жаңа жұмыс орындары ашылды. Демек, ішкі мүмкіндіктерді әлі де қарастырған жөн.

Әділ ЖҰБАНОВ,

«Батыс СтройАльянс» ЖШС бас директоры,

облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button