Жарнама
Қоғам

МӨЛТЕК АУДАНДАҒЫ МЕРЕКЕ

Жаңа оқу жылы басында ашылған жаңа мектеп ұжымы атаулы мерекені ең алғаш рет тойлады. Мектеп ауласына ақ шаңқан киіз үй тігіліп, мұғалімдер мен оқушылар ауыл тұрғындарына мерекелік ән-шашу тарту етті. Бұл күні мектеп ауласы әуелеген ән мен күйге толып, мың бұралған бишілер өнерлерін көрсетті. Ұл-қыздар арасында ұлттық спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Ауыл ақсақалдары осынау мерекенің қадір-қасиеті туралы сөз сөйлеп, жиналған жұртшылыққа ақ баталарын берді. Арнайы шақырылған қонақтар, көпшілік қауым дастарханға шақырылып, наурыз көже, бауырсақтан дәм татысты.
«Жыл басы – Наурызбен бірге құт-береке кіреді» деген нанымды мектебімізге жаңа жетістіктерімен оралып жатқан оқушыларымыз да растағандай.
«Заманауи ағыммен ұрпақтанұрпаққа мирас болып, жалғасып келе жатқан бұл мерекені өскелең еліміздің болашақ ұрпақтары ұмытпаса екен» деген тілекпен мереке соңында жиналған көпшілік риза болып тарқасты.

Айнұр АХМЕТОВА,
№36 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button