ӨМІРДЕ – НӘЗІК, КӨҢІЛДЕ – БИІК…

Елбасы Н.Назарбаев: “Қоғамның даму барысын өмірде - нә¬зік, көңілде - биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елес¬тету мүмкін емес”, - дейді. Расында да, қазақ әйелі – ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерін - тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлт¬тық дәстүрін баласына, одан кейін немере-шөбересіне жеткізуші. 

Президентіміз «Қазақстан – 2050» стратегиясы» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында осы бір нәзік жандылар туралы өте орынды айтты. Ол: «Әйелдер – отбасы мен мемлекеттің тірегі. Мені әйелдер мен балаларға отбасында көрсетілетін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсу жағдайы мазасыздандырады. Әйел адамдарды құрметтемеуге ешбір себеп жоқ. Ең бастысы, мұндай күш көрсетулерге өте қатал түрде тосқауыл қою керек. Біз бұдан былай да ел өмірінде әйелдер үшін барлық жағдайды жасай береміз. Қазіргі заманғы қазақстандық әйел мансап жасауға талпынуы керек. Әсіресе, әйелдерді аймақтардағы жергілікті деңгейде қоғамдық және мемлекеттік басқаруға белсенді түрде тарту керек. Әйелдердің бизнес ашып, оны гүлдендірулеріне қолайлы жағдай жасау қажет», – деп атап өтті.
Президент Үкіметке елде жыныс белгісіне қарай кемсітушілікке жол бермеуге және тәжірибе жүзінде гендерлік тең құқықтылықты, әйелдердің ерлермен қатар тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекет басшысының шешімдері мен тапсырмаларын қорытындылай келе, ҚР Ішкі істер органдары қоғамдағы әйелдер кемсітушілігі мен оларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің алдын алу мен жою бойынша қойылған міндеттерді барынша бұлжытпай орындап отыр. Атырау стансасы ІІЖБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі топтың инспекторларына әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстары қосымша беріліп, өз қызметтерін жеке адамның бостандығы мен конституциялық құқығын, заңдылық пен жариялылық қағидаларын сақтау негізінде атқаруда. Қазіргі таңда әйелдерді кемсіту мен оларға зорлық-зомбылық көрсету мәселесі өте өзекті. Отбасындағы қарым-қатынастың өршуі, әйелдер мен балаларға қатысты ауыр құқық бұзушылық оқиғалардың жиілеп кетуі, шиеленісті жағдайлар немесе тартысты оқиғалардың салдарынан ерлердің өз басымдығын пайдалануы осы мәселені шешуге басқа қырынан келуді талап етеді.
Сондықтан, біз өз қызметімізде әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша олардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге тырысамыз. Сөйтіп, біз прокуратура, білім және денсаулық сақтау департаментері, үкіметтік емес ұйым¬дар және дағдарыс орталықтарымен бірлесе отырып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Шара барысында біз «Әйел – отбасының тірегі, отбасы – мемлекеттің тірегі» атты акция өткіздік. Онда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, барынша болдырмай, жолын кесу, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу, сондай-ақ әйелдердің құқықтық білімін арттыруға көбірек көңіл бөлінді. Сонымен бірге акция барысында көптеген үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Көпшілікке «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы түсіндіріліп, халық арасында (жолаушылар пойыздарында, вокзалда, мекемелерде) басқа да тәжірибелік шаралар жүргізілді. Алдағы уақытта да Атырау стансасы ІІЖ бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі өз жұмыстарын осы мақсатта жандандыра береді.

А.ҚҰМАРОВА,
Атырау стансасы ІІЖб учаскелік
инспекторы, полиция майоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз