Жарнама
Қоғам

МІНДЕТ ПЕН МЕЖЕ

Кент басшысы кейбір түйткілді мәселелерді де жасырмады. №496 және Қарабатан темір жол бекеті елді мекендерінде газ жоқ. Мұнда арзан азық-түлік сататын үш әлеуметтік дүкен бар, соған тауар тасымалдау ісі мардымсыз. Келесі мәселе – ауылда бірде-бір егін шаруашылығымен айналысатын қожалық та, жылыжай да жоқ. Көрші Қайыршақты селолық округінде 136 гектар жер егістік жұмыстарына арналса, Геологта мұндай аумақ – небәрі алты гектар. Тағы бір алаңдатарлық жағдай, былтыр қауіпті өкпе дертіне жаңадан 19 адам тіркелді. Қоғамдық негіздегі жұмыстарды жандандыру қажет. Ауылда тек бір ән, бір би үйірмесі ғана жұмыс істейді. Кезінде республикаға үлгі болған білім сапасы жылдан-жылға нашарлап, былтыр 1,7 пайызға төмендеді.  Көгалдандыру жұмыстары да назар аударуды қажет етеді.

Округ тұрғыны Лес Назаров су басу қаупі бар аймақтарға жер астынан тұрбалар жүргізілсе деген ұсынысын жолдады. Ал, Әліп Ғұмаров әкімшілік тарапынан саяжай иелеріне жер берілсе, Мирас ықшамауданының тұрғыны Әлібек Қалыбайұлы орталық көшелерге автобус аялдамалары мен жаяу жүргіншілер жолы салынса деген тілектерін жеткізді. Ауылға салынған жаңа емхананың тезірек ашылуын күтіп жүрген зейнеткер Қуаныш Айтжан көше атауы мен үй нөмірін жүйеге келтіруді де сұрады.

Айтылғандардың бәрін мұқият тыңдаған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, биылғы  жаңа міндеттерді белгіледі.

— Былтыр «Қазақстан геологы» демалыс орнын түгелдей өзіміздің меншігімізге алдық. Биыл жүздеген көшеге тасжол төселмек. Қаржының көбі қала мен оның маңындағы ауылдарға бөлініп отыр.  Жолдар жөнделген соң, жарықтандыруға да кезек келеді. Бұл ретте тұрғындары аз елді мекендерге инфрақұрылым жүйелері жүргізілмейді, болашақта олар басқа жерге көшірілуі керек немесе өзге амалдарын қарастырған жөн, — деді аймақ басшысы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button