Міндет – орындалуымен құнды
«Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет. Онда азаматтардың бәрі заң алдында тең болады, заңдарды, ережелерді және нормаларды қатаң сақтай отырып, жалпыға бірдей мүмкіндіктерді толық пайдалана алады» — деген жауабын аудандық кеңес мүшесі және аудандық мәслихаттың депутаты болғандықтан, Қызылқоға ауданының тұрғындарының өтініштерін заң талаптарына сүйене отырып, тиісті құзырлы органдарға 2024 жылы қоғам белсендісі ретінде 40-тың үстінде е-өтініш арқылы мәселе көтеріппін.
Яғни, бүгінгі әлем бойынша 24 орынды иеленіп, отырған е-gov порталының мүмкіндіктері арқылы тиісті органдарға ауыл тұрғындарының жанайқайын жеткізу Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында мүмкін болды деп есептеймін.
Қорыта айтқанда, әлемдік саясаттың ұңғыл шұңғылын зерделей білетін сардары тәжірибелі дипломат Қасым-Жомарт Кемелұлының Президенттігі кезінде алдына қойған мақсатының түгелге жуық орындалуына қол жеткізуіне тілектеспін.
Есенбай НҰРОВ,
Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты
Сурет: adyrna.kz