Жарнама
Қоғам

Мешіттегі ауызашар

ЖЫЛЫОЙ

  Кәсіпкерлер айлардың сұлтаны саналатын қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жамағатқа ауызашар беру дәстүрін биыл да жалғастырды.

   Құлсарыдағы орталық мешітке жиналғандарға бас имам Арман Исаев Рамазан айында жұртқа аманшылық, тыныштық тілеп, ораза кезінде елдің ынтымағы мен бірлігін арттыруға шақырды. Ауданға Қазақстан Діни басқармасының жолдамасымен келген Египеттегі Әл-Азһар университетінің студенті Ералы Ілияс есімді жас қари тарауих намазын оқыды. Ауызашарда ауыл ақсақалдары мен белгілі азаматтар сөйлеп, ақ тілектерін айтты. Бұл күні мешіт жанынан салынған медресе ғимараты аяқталып, ерлер мен әйелдерге арналған таһаратнама, діни кітаптар мен мұсылмандар тұтынатын тауарлар сататын шағын дүкен ашылып, жұмысын бастады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button