МЕРЕЙЛІ ІСКЕ – МАРАПАТ
Олардың қатарында 15 жыл осы салада жұмыс жасап келе жатқан «БК Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қайыржан Тоғызбаев, «КаспийВест Контракшн» ЖШС директоры Мәди Мұрат және қалалық құрылыс бөлімінің заңгері Альберт Құбаштар бар. Осындай тағы 22 құрылысшыға қала әкімінің орынбасары Әділбек Зайдуллин қала әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Нұрлыбек Жұмахметұлы құрылыс саласында Атыраудың биылғы жеткен жетістіктеріне де тоқталды. Атап айтқанда, қала бойынша су сүзгілеу станциясынжаңарту жұмыстары басталып, толықтай іске асыру қолға алынған. Күні бүгінге қала бойынша ескі және апатты жағдайдағы үйлердің 10 пайызы бұзылды. Соңғы екі жылда республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік бағдарламалар аясында 27 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1492 отбасы қоныс тойын тойлады.
Сондай-ақ, қаламызда соңғы екі жылда 2 жаңа мектеп, 3 балабақша пайдалануға берілген. Үстіміздегі жыл ішінде тағы 2 балабақша іске қосылады деп күтілуде. Қазір қала бойынша 5 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, қаладағы 8 мектепке стандартқа сай асхана жапсаржайлары салынып жатыр. Сонымен бірге, шаһар басшысы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында Жеңіс саябағынан жаңа ескерткіш тақтаның орнатылғанын атап өтті.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.
Суретті түсірген
Ә.ӘБІЛҒАЗИЕв.