МЕРЕЙГЕРГЕ ҚҰРМЕТ
— Атырау өңірінің ауыл шаруашылығын дамытуға, әсіресе Құрманғазы ауданын басқарған кезеңдерде оның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан үлесіңіз мол. Еңбек жолында терең білім-білігіңізбен, үлкен тәжірибеңізбен және парасаттылығыңызбен танылған азаматсыз. Бойыңыздағы даналық қасиеттеріңіз бен өнегелі өміріңіз – жас ұрпаққа ұлағат. Сондықтан, Сізге деніңізге саулық тілейміз. Көрер қызық көп болсын, — деген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы мерейтой иесін құттықтады.
Мерейгердің еңбегіне тоқталған облыстық ардагерлер кеңесінің өкілі Мергенғали Бейісқали облыстағы 48 000 ардагер, зейнеткердің атынан Құмар Темірташұлына ұзақ ғұмыр тілеп, Қаршыға Ахмедияровтың күй жинағын табыс етті.
Атырау облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Құмар Темірташұлымен емен-жарқын әңгімелескен облыс басшысының бірінші орынбасары мерейгерге Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың Құттықтау хаттарын, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атынан Алғыс хат, гүл шоқтары мен естелік сыйлық табыстады.
Рита ӨТЕУҒАЛИ.