Жарнама
Қоғам

МЕН – БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН!

1976 жылы «Жалын» баспасынан шыққан А.Гриченко деген автордың «Это было на Каспий» деген кітабында атам Боранғали Үбішев туралы былай жазылыпты: «Рейдте тұрған жанар-жағармай тасыған баржаларға жаудың тоғыз ұшағы шүйлікті. Бір бомба қашығырақ тұрған жанармай толы баржаға түсті. Экипажын өрттен құтқаруға асыққан Боранғали кішкентай қайықпен жүруге асықты. Толқын жетіп барған қайықты қайта-қайта кері ысырады. Сәл кешіксе, кеме  жарылып, адамдар апат болары сөзсіз. Баржаға үш рет барып, толқын кері лақтырса да, шымыр жігіт ақыры  жетті» деген жолдарды оқуға болады. Осы үзіндіден Боранғали атамның қаншалықты ержүрек, қайсар жан екені аңғарылады. Атамнан  келген соңғы хабар «1943 жылдың 3 қарашасында ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты» деген «қара қағаз» болды.

«Осы фотомды анама арнап жібердім» деп жазылған матрос киіміндегі атамның бейнесі – ұрпағына қалдырған  жалғыз ескерткіші.

Бір өкініштісі, әлі күнге атамның жерленген жерінің белгісіздігі. Ең болмағанда, зиратына барып, тағзым етер едім. Қандайда бір дерек шыға ма деп, интернетті жиі қарағаннан басқа қайран болмай отыр.

Мен  атамның батыр бол­ғанын мақтан тұтамын. Мен – батырдың ұрпағымын!

Амандық МАРАТОВ,

Кулагино орта мектебінің оқушысы.

Есбол селосы,

Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button