Жарнама
Қоғам

МЕМОРАНДУМ

 

Атырау қаласы  13 қараша 2015 жыл

 

Бұдан әрі, Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Саяси партияларының Атырау облыстық филиалдарының төрағалары және «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы», 2014 жылғы 27 маусымдағы «Кәсіптік одақтар туралы» Заңдарын басшылыққа алып, еңбек қатынастары саласында азаматтардың құқықтарын қорғаудағы өзара міндеттеріне сәйкес, азаматтардың еңбек құқықтарының тиімді қорғалуын жақсарту қажеттігін назарға алып, Тараптарға берілген барлық құқықтық және ұйымдастыру ресурстарын осы мақсатта пайдалану маңыздылығына мән бере отырып, төмендегі мәселелер бойынша келісті:

1-бап

Меморандум  нысанасы

Осы Меморандумның нысанасы азаматтардың бостандығы мен еңбекті қорғаудағы конституциялық құқықтарын қорғау, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, жалақы төлеу бойынша берешекті болдырмау, екі жақтың бірлескен іс-шараларын жоспарлау мен жүзеге асырудағы ақпараттық, құқықтық, ғылыми және ұйымдастыру қорларын қолдану мәселелері жөнінде екі жақтың өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығын ұйымдастыру болып табылады.

 

2-бап

Тараптардың  өзара  әрекеттесу  түрлері

Азаматтар құқықтарын мемлекеттік қорғауды, оны атқарушы билік органдарымен, лауазымды тұлғалармен, жұмыс берушілермен сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, Тараптар әрекеттесудің келесі түрлерін қолданады:

1) Еңбек құқықтық қатынастары мен еңбекті қорғау саласындағы азаматтар құқықтарының бұзылуы туралы ақпаратпен (қажет болғанда) алмасу;

2) Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тәжірибесімен алмасу;

3) Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды құқықтық қолдану тәжірибесінің мәселелері жөнінде оқыту тренингтерін (кеңестер) өткізу;

4) Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөнінде ынтымақтастық;

5) Ұжымдық еңбек даулары мен жанжалды уақытылы анықтау, оларға жол бермеу және реттеу бойынша Тараптарға тәуелді шаралар қабылдау.

3-бап

Меморандумды  қамтамасыз  ету  бойынша Тараптардың  өкілдері

Қазақстан Республикасының саяси партияларының Атырау облыстық филиалдары және Атырау облысы кәсіподақтар орталығы арасындағы өзара әрекеттесу жөніндегі міндеттерді толық көлемде жүргізуге Қазақстан Республикасының саяси партияларының Атырау облыстық филиалдары, облыстық еңбек инспекциясымен, Кәсіподақ орталығы және салалық кәсіподақ басшыларымен бірігіп азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жөнінде қоғамдық қабылдаулар жүргізуге (мүмкіндігінше). Осы бағытта тиісті жұмыстарды жүргізуге.

4-бап

Меморандумның  әрекет  ету  мерзімі

Осы Меморандум Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне еніп, қолданысқа енгізіледі.

Меморандум белгіленбеген мерзімге жасалып, Тараптардың бірі екінші Тарапқа Меморандумның қолданылуын тоқтату туралы өз ниетін жазбаша түрде жолдағанға дейін қолданыста болады.

Мұндай жағдайда Меморандумның қолданыста болуы Тараптардың бірі тиісті жазбаша хабарлама жолдаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң тоқтатылды деп есептеледі.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.БЕКТЕМІРОВ

«Қазақстан Коммунистер Халық партиясы» Атырау облыстық филиалы төрағасы  Е.ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы  А.СӘРСЕМАЛИЕВ

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы               Е.ЮСУПОВ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы        Ж.ДОСПАНОВ

«Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы  Д.СҰЛТАНОВ

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button