МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУДЫҢ РЕФОРМАСЫ
Соның бірегейі, меніңше, «Мәңгілік Ел» құжатын әзірлеу туралы тапсырмасы. «Мәңгілік Ел» болу – ол ұлтымыздың ұлы мұраты. Сонау Күлтегін дәуірінен тасқа қашалып жеткен бабалар аманаты. Ендеше, бұл құжаттың арқалаған жүгі ауыр, әрі стратегиялық маңызы зор болмақ. Елбасы бұл құжатты тоғыз қадам аясында қарастыру керектігін айтты. Яғни, азаматтар тең құқықты қоғамда өмір сүріп, жауапкершілік жүгін тең көтеруі тиіс. Осыдан келіп, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге деген құштарлық туады. Үштұғырлы тіл саясатын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру – елдің ертеңі үшін маңызды қадам болмақ. Жалпыұлттық құндылықтар маңайына халықты топтастыру – елдің рухын көтеретін негізгі тетік болары сөзсіз. Осындай маңызды қадамдар негізінде дайындалуы тиіс «Мәңгілік Ел» құжаты келешекте барша қазақстандықтар игілігі үшін жұмыс істейді деп ойлаймын.
Съездегі тағы бір жаңалық – Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың бес реформасын ұсынуы. Мемлекеттік органдар жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету, қабылданатын шешімдердің ашықтығы арқылы азаматтар белсенділігін арттыру, ақпаратқа қолжетімділік, мемлекеттік органдар мен әкімдер жанынан құрылған қоғамдық кеңестер рөлін арттыру, шағым беру жүйесін күшейту және өзін-өзі басқаруды кеңінен енгізуді тапсыру – сайып келгенде, азаматтық қоғамды одан әрі күшейту, өркениет көшінен алыстамауға негізделген дүниелер. Сондықтан да, съезд партия жұмысына жаңа серпін, тың идея берді деуге толық негіз бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс Президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға келісім беруі де дер кезінде қабылданған оң шешім болды деп ойлаймын.
Ерболат БЕКТЕМІРОВ,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы
төрағасының бірінші
орынбасары.