Жарнама
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ – ЖОҒАРЫ ТАЛАП

Жаңа құрылым, яғни Ұлттық бюроға сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, ашу мен тергеу функциялары өтті. Ал, Мемлекеттік қызмет істері департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, тәртіптік және әкімшілік тәжірибе, мемлекеттік қызметті өткеру мәселелерімен айналысатын болады.

 «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңды іске асыру мақсатында бірқатар заңдылықтарға қатысты актілер де қабылданды. Оның ішінде, жаңа «Әдеп кодексі», тестілеу жүйесін ұйымдастыру мен конкурс өткізу ережелері туралы қағидалар бар. 

Сіз не дейсіз? 

Мұхит ИЗБАНОВ, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы:

Тестілеудің жаңа кезеңі басталды

— Бұрын үміткер тестілеуден өте алмай қалған жағдайда тестіні үш айдан кейін ғана тапсыратын еді. Енді оларға екі айдан соң сынаққа қатысуға мүмкіндік бар. Реформа шеңберінде кандидаттардың жеке сапасын, құндылығын бағалау көзделген.

Жаңа нормаға сәйкес, жеке құндылықты бағалау да тестілеу арқылы өтеді. Үміткерлер заңды білу деңгейін тест арқылы анықтау сатысынан өткеннен кейін, 20 минут ішінде екінші тестілеуге кіреді. Басшылар кандидаттарды жұмысқа аларда жеке құндылықты тестілеу қорытындысын ескеруі қажет. Үшіншіден, тестілеу нәтижесіне шағымдану институты енгізілуде. Жаңа қағидаларға сәйкес, тест нәтижесіне орай түскен шағымдарды қарау мақсатында уәкілетті органда аппеляциялық комиссия құрылатын болады. Алайда, жалпы нәтиже бойынша екі балы жетпесе ғана шағымдануға болады.

Шыңғыс ӘЛЕКЕШЕВ, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары: 

Конкурс тәртібі жаңарды

— «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 68-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтар конкурс өткізілмей-ақ, жаңа лауазымға тағайындала алады. Бұл норма 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады. Демек, конкурс өткізер алдында кадр резервіне алынған азаматтардың тізімін сұрап, қарау қажет.

 Конкурс өткізу тәртібі ішкі және жалпы конкурс болып екіге бөлінеді. Ішкі конкурс, ең алдымен, бос орын бар мемлекеттік органның ішіндегі қызметкерлер арасында жүргізіледі. Бірыңғай кадр қызметі болған жағдайда, осы кадр қызметіне тиесілі барлық органдардың қызметкерлері қатыса алады. Бірақ, ішкі конкурс бос болып табылатын ең төменгі лауазымдарға жүргізілмейді.

 Конкурс жүргізген мемлекеттік органның ішінде тиісті кандидат болмаған жағдайда іріктеу барлық мемлекеттік органдардың арасында жалғасады. Ал, жалпы конкурс төменгі бос лауазым болғанда немесе төменгі бос орынға ішкі конкурстан тиісті кандидат болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button