
Мектептің құрылысы қалай жүргізілмек?
«AMANAT» партиясының облыстық филиалының алаңында «Адалдық алаңы» республикалық жәрдемдесу орталығы мен партия өкілдері үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясының жай-күйін талқылады.

Мәселенің тарихын еске түсірейік. 2021 жылы «Эксперт-Q» ЖШС ғимаратқа техникалық тексеру жүргізген еді. Нәтижесінде мектеп шатырын күрделі жөндеуден өткізу ұсынылды. Бірақ қаржы тапшылығына байланысты жөндеу жұмыстары басталмады. Соның салдарынан мектеп жабылып, оқушылар қаладағы басқа оқу орындарына таратылды.
2023 жылдың соңында «ZIGMUND» ЖШС жүргізген жаңа тексеру ғимаратты оқуға қауіпті деп таныды. 2024 жылдың көктемінде қала әкімдігі оны бұзу туралы шешім қабылдады. Бұрын ғимарат 1200 оқушыға есептелгенімен, бұл жерде 600 орындық жаңа мектеп салынады деп жоспарлануда.
Ал, ата-аналар мен мұғалімдер мектепті бұзуға қарсы. Дегенмен, қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова жобаның 600 орынға дейін қысқаруы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясындағы жаңа стандарттарға байланысты екенін айтты.
(Толығырақ “Атырау” газетінен оқи аласыздар)
Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ