Жарнама
Қоғам

Мектеп жасындағы қыздардың орамал тағуына тыйым салынды

Елімізде мектеп қабырғасындағы балиғат жасқа толған қыз балалардың орамал тағуына тыйым салынғаны рас. Облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының сөзінше, өңірде бұл мәселе шешімін тауып отыр. Алайда, дінде рұқсат етілген жасқа толмай тұрып орамал тағатындар мәселесі қалай, ол мұны да діни көзқараспен баяндап берді.

– Кез-келген білім беру мекемесінің ішкі тәртібіне бойұсыну міндет. Ислам дініндегі ең бірінші бұйрық ол – білім алу. Мәселен, көршілес Түркияда осы күнге дейін қыз баланың орамал тағуына қарсылық болған. Кейіннен рұқсат етілді. Сондықтан біздің елде де дін мәселесі жақсы жағынан көрініс табатын болса, бір күні бізде де рұқсат берілуі әбден мүмкін. Осы орайда, өзіміз де қол қусырып қалмадық. Мәселенің шешімін табу үшін қыз балалардың мектебін ашқымыз келді. Мектепке дейін орамалын тағып келсе, ішке кірген соң шешіп қоюына болады. Ондағы мұғалімнің бәрі әйел адамдар болады дегендей.

Осылайша, облыс әкімі Серік Шәпкеновке ұсыныс айтып, ол құпталып, Білім министрлігіне құзырындағы 650 қыз бала оқитын мектеп ашылды. Ал, балиғат жасына келмеген кішкентай қыздарымызға ата-аналары орамал тағып қояды. Олардың пікірінше, жас өрендер кішкентайынан әурет жерін жабуға дағдылануы керек екен. Алайда, ол пікірмен келіспеймін. Бұл тәсіл бала бойында Ислам дініне деген үрейді тудыруы мүмкін. Ол әлі ойын баласы, көшеден көріп те қалып жатамыз, кейбірі жеңі қысқа жейдемен орамал тағып та жүреді. Олай қоғамда теріс пікір қалыптастырғанша, үйдегі әке мен ана дұрыс тәрбие берсе болғаны, уақыты келгенде қыздары өзі-ақ орамалын тағатын болады деген пікірдемін,- дейді А.Ұтысханұлы.

Мұндай пікірге біз де келісеміз. Әсте әрбір әйел заты үшін орамал қастерлі ұғым. Сондықтан ол туралы жансақ пікір тудыртпай, қыз баланың өз уақытында жауапкершілік алып таққаны да жөн-ау.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button