Жарнама
Қоғам

Үмбетқали ЖАҚАШЕВ, «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: ПАРЛАМЕНТКЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҮМІТКЕРЛЕР

 

Міне, Астанада «Нұр Отан» партиясының да кезектен тыс XVII съезі өтті. Республиканың әр түкпірінен келген делегаттар алдында сөйлеген партияның Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзілік дағдарыстың қазіргі ахуалын ашық айтып, одан еліміздің мүдірмей өту жолдарын нұсқады.

Сөз жоқ, тағы бір тарихи сын алдында тұрмыз. Рас, өткен ширек ғасырда бұғанамыз бекіп, қабырғамыз қатайды. Ұлттық қорымыз – қысылғанда қол созатын қазынамыз. Татулығымыз – балталаса бұзылмас бірлігіміз. Бейбіт өміріміз – Елбасымыздың сындарлы саясатының жемісі. Міне, осылар – біздің сыртқы әсерге, тыстан туар қатерге қарсы қояр қалқанымыз.

Съезге қатысып отырып, соны тағы да санамнан өткердім. Тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдарындағы қиындықтар ойыма оралды. Оны қазіргі қол жеткізген жетістіктерімізбен салыстырдым. Шүкіршілік екен. Осы уақыт аралығында талай елді артқа тастап, алға ұмтылдық. Ендігі меже – алғашқы отыздықтан табылу.

Міне, Мәжілістің жаңа депутаттары Елбасы белгілеген Ұлт жоспарын жүзеге асырып, «Нұрлы жол» бағдарламасын орындауға күш салуы тиіс. Съезде ұсынылған үміткерлерден сондай күш-жігер күтеміз. Сайлау күні лайықтыларға дауыс береміз.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button