Мәншүк — ұлт өнерін ұлықтаған шебер қазынашы
Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті мемлекеттік қызметшінің қарапайымдылығын, кішіпейілдігін, шеберлігін насихаттау мақсатында қолма –қол ақшаны бақылау шоттары бойынша төлемдер өткізу бөлімінің бас маман-бас қазынашысы Мәншүк Кенжиева туралы баяндайды.
Мәншүк Сисенбайқызы 2009 жылдың қаңтар айынан бері Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде қызмет етеді. Атырау мұнай және газ институтын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бүгінгі таңда отбасылы, 2 ұл бала тәрбиелеп отыр. Қызмет ету барысында өзін өте салмақты, кәсіби маман ретінде көрсете білді.
«Қазақ қолөнері — асыл қазына» демекші, қызметкеріміз Мәншүк Кенжиева қолөнермен айналысып, тоқыма жұмыстарымен айналысады. Ол табиғи шикізаттарды пайдаланып, трикотажды иірілген жіптермен қарапайым еңбек құралдарының көмегімен тұрмысқа қажетті мүліктер, сәндік бұйымдарын жасайды. Оның қолөнер туындылары қазақи мәдениеттің үлгісі мен салт-дәстүрімізді нақыштайды.
Сонымен қатар қолөнер туындылары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу үшін сіңлі-құрбыларына және жас буындарға үйретіп жүргендігін де мәлімдеді.