Жарнама
Қоғам

МАҚСАТЫМЫЗ – ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

 Бұрыннан айтып жүргеніміздей, жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті. Сыбайлас жемқорлық жайлаған қоғам, сөз жоқ, жан-жақты дами алмайды. Өзегін жемқорлық құрты кеулеген қоғамның экономикалық дамуы да ойдағыдай болмайды.

Міне, осындай жағдайдан іргеміздің аулақ болуына ықпал ететін іс-шаралар қоғамымызда жүзеге асуда. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң шығып, оның орындалуы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тарапынан қадағалануда. Құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар, бүкіл халық болып қоғам дамуының тежегіші – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашық күрес жарияланды.

Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға міндеттіміз. Ол үшін елімізде түрлі шаралар іске асырылуда. Мысалы, қызметкерлер декларациялары, түрлі саладағы сенім телефондары, халық қырағылығының күшеюі. Бұлар – сыбайлас жемқорлықпен күресу құралдарының бірі. Біздің кірістер органдары да сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше ден қойып келеді. Себебі, сыбайлас жемқорлық салық түсімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады да, мемлекеттік бюджеттің өсуіне қандай дәрежеде болмасын зиянын тигізері сөзсіз.

Бір жылдары, әсіресе, нарықтық экономиканың бастапқы кезеңінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына бақылау органдары тарапынан мезгілсіз- мекенсіз тексерулер арқылы кедергі жасалғаны есімізде. Осыны ескерген Елбасы кәсіпкерліктің қажетті дәрежеде өркендеуі үшін жөнді-жөнсіз тексерулерге мораторий жариялағаны өте пайдалы шешім болды. Себебі, сол жиі және орынсыз тексерулер сыбайлас жемқорлыққа итермелеп, оның дамуына жол ашатындығын дер кезінде байқады. Бұл шешім кім-кімнің де — тексерушінің де, тексерілуші субъектінің де қолдарының таза болуына жол ашып, жемқорлық ауруына шалдығудан сақтады.

Бүгінгі таңда жемқорлықты ауыздықтау, жемқорларды арамыздан аластату мәселесі жолға қойылып, дерттің алдын алу үшін барша халық атсалысуда. Соның салдарындай, кәсіпкерлер мен салық органдары, басқа да тексеруші инстанциялар, кәсіпкерлер мен оларға несие бөлуші банктер арасындағы ахуал толық тазарып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасау мәдениеті жоғарылап келеді.

Әрине, сыбайлас жемқорлықпен күреске барша қоғам болып күресуіміз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жемқорлықпен толассыз күресе беретін болсақ, болашағымыздың ашық та жарқын болатыны, егемен еліміздің ертеңіне деген сенімімізді үстемелейтіні ақиқат. Бір сөзбен, «100 нақты қадамымыз» толық іске алу үшін сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуымыз керек. Әр адам оған төзбестік ахуал жасауы тиіс.

Әділхан МҰХТАРОВ,

Махамбет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер

басқармасының басшысы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button