Жарнама
Қоғам

МАЙДАНГЕР ЕСІМІ МӘҢГІЛІК

 

Ардагерлердің көбі қазір ортамызда жоқ, ал, барының өзі санаулы ғана. Олардың Отан үшін жасаған ерлігі, болашақ ұрпаққа бейбіт күн сыйлау үшін жандарын пида еткендігі — нағыз батырлық.

Ерлігімен ерекшеленген жанның бірі, Ұлы Отан соғысының ІІ топ мүгедегі Салмақбай Есқалиев. 1939 жылы ол қызыл әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.

Ел басына күн туып, соғыс басталған кезде жауға қарсы аттанғандардың қатарында атам да болады. Бірнеше рет жау ұяларын талқандап, ерліктің үлгісін көрсете білген. Оның айғағы – бірнеше елдерді азат етуге қатысқаны үшін алған наградалары.

Соғыс аяқталуға бір жыл қалғанда атам кезекті кескілескен шайқаста ауыр жараланып, госпитальға түседі. Бір аяғынан айырылады. Сол ұрыста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Елге ІІ топ мүгедегі ретінде оралғандықтан, қызметке араласа алмады. Әділдікті, турашылдықты жаны сүйетін азамат ұрпағын ешкімнен кем қылмай тәрбиелеп өсірді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі үшін  көптеген марапаттарға ие болды. Ал, биыл көзі тірі болса, Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен қатар, 100 жасқа шығар еді. 

Майдангерлердің Отанның азаттығы жолындағы ерлік істері кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Мария ЖҰМАҒАЗИЕВА,

Жұмыскер ауылы,

Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button