Махамбеттен 5 ашық спорт алаңы салынбақ

screenshot 20220523 170837 Қоғам

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылы Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Есбол, Жалғансай ауылдарына ашық спорт алаңдарын салу жоспарлануда. Олардың жобалық сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өтті.

-Ауданда 3 спорт кешені жұмыс істейді. Сонымен қатар, 18 шағын футбол, 2 баскетбол, 2 тренажер алаңдары бар. Бүгінгі таңда спортпен шұғылданушылар саны 7431 адамға жетіп отыр. Қазір Қазақстан Республикасының VII Халық ойындарының  облыстық іріктеу кезеңіне және ауыл жасөспірімдерінің ІV жазғы ойындарын ұйымдастыру мен оларға қатыстыру жұмыстары жүргізілуде, деді аудан әкімі.

Р.Жанқылыш ауданда 9 кітапхана интернет желісіне қосылғанын да атап өтті.

Оның айтуынша, кітапханаларда оқырмандарға кез-келген ақпаратты тез әрі нақты тауып, дұрыс бағыт-бағдар алу үшін жаңа ақпараттық «WEB RABIS» технологиясы енгізілген.

Еске сала кетейік, ауданда 11 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 12 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Бұл бағытта бүгінгі күнге дейін 179 шара өткізілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз