
Махамбет ауданындағы әмбебап құтқару бөлімінде баспасөз туры өтті
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойына орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Махамбет ауылындағы жаңа үлгідегі №11 өрт сөндіру бөлімінде жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баспасөз туры барысында журналистер бөлімнің материалдық-техникалық жабдықтарымен танысып, құтқарушылардың күнделікті қызмет барысын бақылауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ арнаулы техника мен құрал-жабдықтардың қолданылу барысы көрсетілді.
Жаңа үлгідегі бұл бөлім – төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге бейімделген, заманауи талаптарға сай жабдықталған мекеме.

— Бүгінде бөлімше аудандағы төтенше жағдайларға шұғыл әрекет етуге толық дайын. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өте маңызды. Жаңа үлгідегі әмбебап бөлім біздің жұмысымызды едәуір жеңілдетіп, тиімділікті арттыруда, –деді Махамбет аудандық ТЖБ бастығы Бақытбек Төлегенов.

Модульдік үлгідегі ғимаратта әкімшілік және оқу бөлмелері, техникаларға арналған гараж, ас үй, жеке құрамға арналған жатын және киім ауыстыратын бөлмелер бар. Сонымен қатар кәсіби октагоны бар фитнес орталық пен ашық футбол алаңы да қарастырылған.
