Жарнама
Қоғам

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аталып өтті

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы «Наурызнама» онкүндігі жалғасын тауып, 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» «Отбасы мектеп штабының» жұмысы аясында Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі мен «Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен аталып өтті.
Мерекеде халық әндері орындалып, домбыра күмбірімен күй шертілді. Жиналған жұртшылық құлақ тесу дәстүріне негізделген #Сырғалықыз, шашбау тағу дәстүрін дәріптейтін #Шаштыңсәнішашбау қойылымын, сыртта жүрген ер баланың аман-есен үйге оралуына тілеулестікті білдіретін #Шаңырақтілеулесі дәстүріне куә болып, әжелер ансамблінің орындауындағы халық әндерінен ән шашу тыңдады.

Мәдени мұрамыз, құндылықтарымыздың айқын көрінісі салт-дәстүрлердің барлық ырымдары мен жол-жоралғылары орындалды.
Мерекелік шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Жомартқызы, облыстық әйелдер кеңесінің төрағасы Raikul Мансұрқызы,
облыстық «Әкелер одағының» төрағасы Ержан Искендер, «Анаға тағзым» орталығының басшысы Алтынай Бекмағанбетқызы, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гульнара Ескалиева Бабабекқызы, 
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі директоры Жаксыгуль Қоханқызы, ҚХА жанындағы аналар кеңесі мүшелері қатысты. Қазақтың мәдениеті, өнері мен ұлттық салт-дәстүрі – ұлттың мәдени коды болып табылады. Бұл күн ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, салт-дәстүрімізді дәріптейтін, қазақы болмысымызды айшықтайтын ерекше күн.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button