Мұнайлы мекен – ширек ғасырда

История независимости страны Ц на страницах газеты 5 Қоғам

Өңір өміріндегі өркенді өзгерістер

2001 жыл

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаев іссапармен Атырауға келді. Ондағы мақсат – жаяу
әскер және мотоатқыштар бригадасының орнын ұйымдастыру, шараларын белгілеу, қаржы көлемі мен мерзімін анықтау.

Атырау облысы жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының өтініштері ескеріле отырып, Жылыой ауданындағы Құлсары елді мекені Президент Жарлығымен аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды.

Атырау мұнай және газ институтында ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай
«Қазақстанның мұнай-газ қоры» атты І халықаралық конференция өтті. Оның барысында көмірсутегі шикізатын игеру мәселесі сөз болды.

Байбақты ата Малайсары биге кесене тұрғызылды. Осы тарихи тұлғалардың өмірі жөнінде кең көлемде айтылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі А.Самақова мен облыс әкімі С.Дәукеев «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар үйін ашты. Соның нәтижесінде ата-анасыз қалған бөбектер мемлекет қамқорлығына алынды.

Ел Тәуелсіздігінің іргетасын қалауға атсалысқан академик Салық Зиманов
өзінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Атырау облысының Құрметті азаматы атанды.

«Тұрғындар қалашығы – Авангард» мөлтекаудандарын жалғастыратын жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді. Бүгінде ол халық игілігіне жарап тұр.

2002 жыл

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Осы құжат нәтижесінде республикада ел дамуының алдағы уақыттарға бағытталған саясаты бекітілді.

Каспий теңізі қайраңында «Сұңқар» жүзбелі баржасы іске кірісті. Осылайша,
Қазақстан айдын төсінен мұнай өндіруге алғашқы қадам жасады.

Елбасы Атырау қаласындағы Сарықамыс кентінің жобасы мен танысты. Сапар барысында Мемлекет басшысы Махамбет аудандық ауруханасын пайдалануға беру рәсіміне қатысты.

Облыстық өнер мұражайына Шаймардан Сариевтің аты берілді. Белгілі жерлесіміздің есімі атыраулықтардың жадында сақтаулы.

Махамбет ауданының Сарайшық селосына табиғи газ келді. Сөйтіп, елді мекен тұрғындары «көгілдір отынның» қызығын көре бастады.

Құлсары қаласындағы «Мұнайшылар» мәдениет үйі композитор Тоқсанбай Құлтумиев атымен аталды. Жерлес күйші – баршаға мәлім «Комсомол» күйінің авторы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз