Жарнама
МәдениетҚоғам

Ұлы жібек жолы қайта жаңғырады

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын халқымыздың өткені мен бүгінін және болашағын байланыстырған, барша халқымызды тағы жаңа бастауларға бағыттаған бағалы да құнды еңбек деп бағалаймын.

top_e3d35513c24725cc6e25dcda46a7fd6f

Өйткені, оның «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деуінің астында үлкен мән жатыр. Бұл мақала рухани дамуымызға кең мағынада, кешенді түрде, әлемдік дамумен байланыстыра қарқынды серпін берді.

Мақала рухани дамуымызды әлемдік деңгейге көтерудің нақты жолдарын көрсетуімен ерекшеленеді. Мәселен, «мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру», атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу», «Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба», секілді ұсыныстар осы ойымызды айқындай түскендей.

Соның ішінде, Елбасы меңзеп отырған Ұлы Жібек жолын жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастық бағытында дамыту «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы үшін аса маңызды. Биыл Сарайшықта  Жайық жағалауының бекітіліп, археологиялық қазбаларға қаржы бөлінді. Реставрациялық жұмыстар жалғасып, қайта құрылған «Сарайшық» мемлекеттік мекемесіне жаңадан кәсіби маман-кадрлар алынды. Сапар орталығының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Міне, осы  жобалар толықтай жүзеге асқанда Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың толықтай орындалары сөзсіз.

Әбілсейіт МҰҚТАР,

тарих ғылымдарының докторы, профессор,

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры.

Related Articles

6 Comments

  1. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын халқымыздың өткені мен бүгінін және болашағын байланыстырған, барша халқымызды тағы жаңа бастауларға бағыттаған бағалы да құнды еңбек деп бағалаймын.

  2. Мақала рухани дамуымызды әлемдік деңгейге көтерудің нақты жолдарын көрсетуімен ерекшеленеді.

  3. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы төл тарихымызға оң көзқарас қажеттігін айқындай отырғандыға рас.

  4. Рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы деп түсінемін. Алға қойылған міндет және мақсаттарымыз көп! іске сәт!

  5. После Послания Главы государство было проделано не мало за короткий срок. Думаю и после данной статьи будут проводится значительные и стоящие проекты !

  6. Елбасы меңзеп отырған Ұлы Жібек жолын жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастық бағытында дамыту «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы үшін аса маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button