Жарнама
Қоғам

ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ ҰЛАҒАТЫ

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғыл жолына түсу жұмыстарының басымы Н.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Тәуелсіздік жылдары аралығында Мемлекет басшысы қазақстандықтарға, соның ішінде, жастарға үлкен сенім артып, бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілікке ерекше көңіл бөлгендігінің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізудеміз. Президент жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылуда. 2017 жылы Елордада өтетін  ЭКСПО  халықаралық көрмесі де сол сөзімді айғақтай түседі.

Елбасы жастарды ешқашан назардан тыс қалдырып көрген емес. Сапалы білім алып, кәсіби білікті маман иесі атануы үшін барлық жағдай жасалуда, мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда. Мемлекеттік гранттар саны жыл санап көбейіп келеді. Жастарды шетелде оқытуға да қолдау көрсетілуде.  

Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Бүгін қазақстандықтар бейбіт елде ғұмыр кешуде. Жаңа технологияның дамыған заманында өмір сүруде. Жарқын болашаққа ұмтылған еліміздің бүгінгі жастары бақытты.

Тұңғыш Президент күні – жастар үшін жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты. Сондықтан, ұрпақ есінде солай сақталуы да тиіс. Жастар Елбасымен әрдайым бірге!

Гаухар ӨТЕҒАЛИЕВА,

Жамбыл атындағы №21 орта мектептің мұғалімі,

жас маман.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button