Ұлы даладағы дүрбелең
оның себептері, қозғаушы күштері және мақсаты не болды?
Ата-бабаларымыз үшін ғасырлар бойы арман болып келген тәуелсіз ел болғанымызға – биыл 25 жыл. Сол тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін қазақ халқы қаншама ауыртпалықты бастан өткізді? Зерттеушілердің пікірінше, еліміздің тарихында 300-ден астам ұлт-азаттық көтеріліс болған екен. Солардың ішінде 1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің орны ерекше. Биылғы жылы сол көтерілістің басталғанына 180 жыл және көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлының туғанына 225 жыл толып отыр.
Көтеріліс неден басталды?
Соңғы ширек ғасырда Ұлы дала батырлары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс туралы көптеген зерттеу жүргізілді. Сол зерттеулер көтерілістің екі кезеңнен тұратындығына көз жеткізеді. Бірінші кезеңде көтеріліс Бөкей ордасында басталып, дамиды және аяқталады.Ол 1836 жылғы наурыз бен 1837 жылғы қараша айының орта кезін қамтиды. Екінші кезеңде көтеріліс Кіші жүздің батыс бөлігінде өрістейді. Ол 1838 жылдың алғашқы алты айын қамтып,12 шілдедегі Ақбұлақ шайқасында көтеріліс басшысы Исатай батырдың қаза табуымен аяқталады.
(Толығырақ газетімізден оқи аласыздар).