«ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ»

Кеше Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығында осындай тақырыппен  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған  кездесу өтті.

 

Аталған орталықтың ұйымдастыруымен өткен шара барысында Елбасы Жолдауы мен Мәңгілік ел ұлттық идеясы, «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат бағдарламасы мен бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айтылды.

«Мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау» курсы тыңдаушылары алдында баяндама жасаған Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының  орынбасары Оразбек Қасымов Мәңгілік ел идеясының мәнін жан-жақты түсіндірді.

Мемлекеттік қызметшілермен кездескен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Бақтыбек Таубаев пен мемлекеттік қызмет ардагері Абат Кенжеғалиев ел Тәуелсіздігінің мерейлі датасының маңызына тоқталып, бүгінгідей дағдарыс жағдайда экономиканы одан әрі дамыту туралы өз ойларын ортаға салды.

Мәлике  ҚУАНЫШЕВА. 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз