Жарнама
МәдениетҚоғам

Ұлтты тану – ұрпаққа парыз

Ұлт тарихы… Екі-ақ ауыз сөз. Алайда, бұл сөзде талай қиындықты басынан кешкен халқымыздың сан қилы тарихы, ұрпақ болашағы үшін жанын қиған боздақтардың төгілген қаны, талайлардың орындалмай кеткен армандары жатыр. Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны деп аталатын «Ұлы даланың жеті қырын» біліп-танып өсу  ­­-  бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін ерекше маңызды.

b89f8b6c382d07c9e65d7d3928714c9c

Ел Президенті мақаласында Ұлы даланың жеті қыры болып табылатын атқа міну мәдениетіне тоқталады. Ат үстіне мінгісі келмейтін қазақ жоқ-ау сірә. Ата-бабамыздың ержеткен ұл баланы «ат жалын тартып мінген» деген керемет теңеуінің өзі кез-келген қазақ баласының атқа мініп, туып-өскен жерін, туған-туысы мен Отанын қорғауға сол ат жалын тартқаннан-ақ дайын болғанын дәлелдейді. Ендеше Президентіміздің атқа міну өнері деп атап отырған ұлтымыздың ерекше қыры бүгінгі ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің жаңа жолы болатындығына сенімім мол. Атырау өңірінде ат спортының қазіргі даму барысы ерекше көңіл қуантады. Ұлттық спорттың халық сүйіп тамашалайтын бұл түрі кең қолдау тауып жыл сайын облысының барлық өңірінде аламан бәйге, жорға жарыс, көкпар түрінде өтіп келеді.

Биылғы оқу жылынан бастап Атырау қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейі бабаларымыздан мирас болып қанымызға сіңген ат өнеріне мектеп оқушыларын баулуды қолға алды. Сондай-ақ, биыл Атырауда болған тың жаңалық облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Ұлы Жібек жолының бір тармағында тұрған көне Сарайшығымыз туралы «Сарайшыққа саяхат» анимациялық фильмі түсірілді.

Мақаланы оқудан түйгенімді қорыта келе төмендігідей ұсыныстар айтқым келеді: ұлтымыздың тарихын өзімізгеде, өзгегеде етене танытатын «Ұлт тарихы» орталықтары мен жастарды атқа міну өнеріне үйрететін ат спорты клубтары ашылса, қазіргі облыстық тарихи-өлкетану музейінің кешенді орталыққа айналса. Сонымен қатар, жастарға ерте жастан тарихи сананы сіңіру үшін жоғарыда айтылған «Сарайшыққа саяхат» тәрізді балаларға арналған фильмдер түсіруді қолға алу қажет деп санаймын.

Орынтай БИМАНОВА,

Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі.

Related Articles

9 Comments

  1. қазақ атамыз нағыз тәрбиенің түп төркінін, әр дүниенің қадірін білген ғой шіркін

  2. Осыны жас буын білсе ғой, кезінде әлемді дүр сілкіндірген ұлы түркі халқының ұрпағы бола тұра, кейбір қазағымыз тарихы мен дәстүрін, тілін ұмытып барады.

  3. Живя в современном мире, мы должны понимать всю ценность тех событий, которые были в прошлом, ведь народ не знающий своего прошлого, не может иметь будущего

  4. Өткенімізді ұмыту үлкен қателік, керісінше өткенімізбен мақтануымыз керек, дәл біздің ата бабаларымыздан көптеген ру тайпалар тарап әлемді бағындырып жүр

  5. Статья очень нужная, сейчас молодежь очень быстро двигается вперед, но они всегда должны помнить прошлое, историю нашу, воспитание должно начинаться с истории

  6. Маңызы ерекше мақала, «Рухани жаңғырудың» жалғасы болғаны ұлтымыз үшін қуанышты еңбек

  7. Бұл рухани жаңғыру бағдарламасын нақтылайтын, бағыт беретін, болашақ ұрпақ үшін маңызды мақала

  8. Болашақ ұрпақ үшін деп Рухани жаңғыру бағдарламасын да біраз жұмыс жасатып тастадық. Бұл да сол Рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы.

  9. Ұлт мұрасын ұлықтау өсіп келе жатқан әрбір баланың болашаққа деген бағыты мен мақсатын айқындау үішн керек дүние

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button