Жарнама
Қоғам

ҰЛТ ҚАМЫН ОЙЛАУ – ҰЛЫ ІС

 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар болғанымыздай, одан қалды сол салтанатты рәсімде айтылғанындай, биылғыдай халықтың жоғары белсенділігі мен ұйымшылдығын танытқан сайлау бізден басқа бірде-бір мемлекеттің тарихында болмаған екен. Ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы 26 сәуірдегі кезектен тыс сайлауда республика тұрғындары ел бірлігіне беріктігі мен оның кемел келешегіне бекемдігін тағы бір мәрте паш еткенін атап өтті.

Отандастарына төрткүл дүниеде экономикалық дағдарыстар мен саяси жанжалдардың жаңа толқындары бой көтеріп, ұшқындары өршіп тұрғанын жеткізе келіп, бес сыртқы сын-қатерді қаперледі. Оған қарсы тұрарлық, еңсеруге мүмкіндік беретін, тың белестерге ұмтылдырып, жаңа биіктерге жетелейтін бес ауқымды міндетті атады. Олардың мүлтіксіз орындалуына бәріміз бірдей мүдделі болуымыз керектігін де ескертті. Осы мақсатта Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрылып, іске кіріскені де құптарлық жайт. Бұның өзі Елбасы ұсынып отырған бес реформаның кезең-кезеңімен, тиімді де ұтымды іске асырылуына кепілдік беріп, барлық бағыттарда жоспарланған іс-шаралардың  бір-бірімен үйлестіріле жүргізілуіне жол ашары сөзсіз.

Тұтастай алғанда, Ұлт жоспары ретінде қабылданып, көптің көңілінен шығып отырған осынау маңызды құжатта көрініс тапқан бағдарламалық міндеттерді тиянақты орындаған жағдайда, біздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мүмкіндігіміздің де арта түсері кәміл. Тегінде, ұлт қамын, оның жарқын болашағы мен кемел келешегін ойлаудан асқан ұлы іс болмаса керек.

Орынғали ҚҰМАРҒАЛИЕВ,Құрманғазы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button