Жарнама
Қоғам

«ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ»

«Дөңгелек үстелде» сөз алушылар — Атырау қаласы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің басшысы Айбаршын Иманғалиева, Атырау облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бас маманы Айгерім Есенгелдиновалар отбасының кездесетін қиындықтары, оларды біртіндеп жеңу жолдары турасында әңгімеледі. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде жас отбасыларының арасында қаржы тапшылығынан, болмаса бір-бірінің бір ауыз сөзін көтере алмаудан іргелерін алшақ ұстап, ажырасуға шейін барып жүргендер аз емес. Қазақ жігіттерінің ішінде әйеліне қол көтергенді «батырлыққа» санайтындар да бар. Айталық, өткен сегіз айда үйіндегі ерінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген 26 әйел бауырындағы балаларымен өздеріне көмек көрсететін бөлімшені паналаған. Осы жөнінде айтқан Айбаршын Иманғалиева: «Біздің мақсатымыз — отбасын сақтап қалу. Мүмкіндігінше ерлі-зайыптылардың бірлігі мен татулығына ықпал ету,» — деді.
Статистикалық дерекке сүйенсек, бүгінгі жастар 18-19, 20-21 жаста бас қосатын көрінеді. Содан ба, болмаса бір-бірін жете білмей, бірер апта, бірер ай таныстықтан соң бас қосқандықтан ба, олардың үштен біріне жуығы аз мерзім ішінде ажырасып кетеді екен. Бұрнағы, былтырғы жылдарға қарағанда жастардың жас жұбайлардың ажырасуы жиілеген. Мәселен, ол биыл 12 пайызға артқан. Басқа басқа, тіпті біраз жыл отасқан, жастары 45-55-ке келген жұптардың бір-бірін көрместей боп келіп, ажырасуға арыз жазуы да көбейген.
Отбасы күніне арналған шараның жалғасы Атырау қаласы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінде де өтті. Мұнда да жиналғандар отбасы — ошақ қасы, ата мен ана, олардың арасындағы бала-шаға тәрбиесі хақында салмақты ойларын ортаға салды.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button